Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ «ҚОҒАМДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты:

Отбасындағы балалар мен әйелдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жол бермеу.

Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді. 
Жастардың құқықтық біліктіліктері мен сауаттылығын арттыру.

️Аталмыш шараға «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық әйелдер істері жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Төреайым Султанова, заңгер Шахрух Қадырқұлов, тәжірибелі психолог Зоя Шамшет, «Заң талабы» құқық қорғау орталығы Қоғамдық бірлестігінің психолог маманы Ақбота Хамит, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Жұлдыз Балтабаева және жалғыз басты жас аналар мен студент жастар қатысты.