Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Әл-Фараби ауданының көшелерін көріктендіру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Ауданға қарасты 72 басты көше бойларындағы жасыл-желектерді суғару, күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, оларды ретке келтіру, шөп ору жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан күнделікті жүргізілуде.

Ал, көпқабатты үйлерде 400 аула мен 332 ішкі орамдық көшелердегі ағаштарды санитарлық қырқу және оларды арнайы техника көмегімен шығару, шөп ору жұмыстарына «Назар» ЖШС-і жауапты. Бүгінде мердігер мекеме аулаларда 1 354 дана ағашты санитарлық қырқу, 1 2438 дана ағаш түбін әктеу жұмыстарын жүргізген.

Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары ауа-райына сәйкес қараша айында жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *