Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТТА 4 ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ ЖҮРУДЕ - Zau.kz

Шымкент қаласында Халықаралық бағытта қазіргі таңда 4 әуе қатынасы жүзеге асырылған. Атап айтқанда, Стамбул, Мәскеу, Кутаиси және Шарджа қалаларына жолаушылар тікелей қона алады.

Еліміздің үшінші мегаполисінде Халықаралық бағыттардан бөлек Қазақстанның өзге өңірлерімен де тікелей байланыс бар. Ішкі туризмді дамыту мақсатында 8 өңірмен, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Орал және Семей қалаларымен тікелей әуе қатынасы бар.

 

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы тарапынан Шымкент қаласына келушілерге 17 туристік маршрут әзірленген. Маршрут арқылы келген туристер еш кедергісіз барып, уақытты тиімді пайдаланып әрі өздері білетін тілде ақпарат алуына болады.

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында тұрғындар мен туристер үшін 125 орналастыру орны, 1216 тамақтану орны, 87 туристік ұйым қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін қалаға келушілер санын 300 мыңнан асыру жоспарланып, қала экономикасына түсетін табыс көлемін екі есеге арттыру көзделген.