Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚТІЛДІ КОНТЕНТТІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕТІН ТЫҢ ЖОБА БАСТАЛДЫ

Шараға қаладағы 300-ден астам жас қатысып жатыр. Әлеуметтік желілердегі қазақтілді контенттің дамуына серпін беретін тың жобада тренерлер төрт бағыт бойынша тренинг өткізуде. Атап айтқанда, instagram, tik-tok, facebook және Youtube желілерінде сапалы контент жасауды үйретіп жатыр. Жастарға әлеуметтік желі белсенділері арнайы теориялық және практикалық тапсырмалар ұсынады.

Семинар-тренинг спикерлері медиа саласына қызығушылығы жоғары жастарды бір ортаға жинап, саланың қыр-сырымен таныстырып, әлеуметтік желінің заңдылықтары мен сауаттылығып, артықшылығы мен кемшін тұстарын түсіндірді.

Сонымен қатар болашақта әлеуеттік желілерде контент жасауды ниет еткен жастарға тренерлер бағыт-бағдар беріп, жөн сілтейтінін де тілге тиек ете кету керек. Ал семинарды сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *