Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ «КҮЙ АНАСЫ — ДИНА» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

Биыл қазақтың әйгілі күйші композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр.Осы орайда, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Күй анасы — Дина» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Шығармашылық кештің басты мақсаты — күйшінің туындыларын насихаттау, жастарды күй өнеріне баулу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау болып табылады. Кеш «Домбырашы қыз» деректі фильмінен басталды.Арнайы қонақ ретінде ұстаз домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалмахан Омар шақыртылды. Шара барысында Б. Өтеп атындағы өнер мектебінің өнерлі, талантты жастары «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» атты күйлерін шертіп, Құрманғазының әлемге әйгілі үздік туындыларын орындады. Кітапхана оқырмандары М.Хакімжанованың Дина Нұрпейісоваға арнауынан «Ана сыры» әдеби-композициясын ұсынды. Сонымен қатар, халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі- дәстүрлі халық әндері орындалап көпшілік бір серпіліп, кештен рухани азық алып тарқасты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *