Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ | Zau.kz

«Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымы Тұңғыш Президент күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізді. Онда ерекше күтімді қажет ететін оқушылар Елбасыға арнап өнер көрсетті.

Бұл бүлдіршіндер ерекше оқытуды қажет ететін мектеп интернатта білім алады. Олар Тұңғыш президент күні қарсаңында ән айтып, биден шашу шашты. Әрі сахналық қойылым арқылы өмірде мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін дәлелдей түсті.

«Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қалалық көмекші мектеп интернатының тәрбиеленушілерінен бөлек көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп интернаты мен қалалық бірінші және екінші саңырау балаларға арналған мектеп интернаттың тәрбиеленушілері қатысты.

Айта кетейік, «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымы атаулы дата қарсаңында челендж бастады. Челенджде Тұңғыш Президентпен жолығып, оның ықыласына бөленген не болмаса алғыс алған қала тұрғындары өз әсерлерімен бөлісіп әлеуметтік желіге жариялау керек.