Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте еңбек ұжымдарына жолдау бастамалары түсіндірілді

Шымкент қаласының Қаратау ауданында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ «Standard Cement» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кезекті кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды. Аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және тағы басқа негізгі басымдықтарды атап өтті.

Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Бекназаров Жолдауды жүзеге асыруда қала тұрғындары ынтымақ пен бірліктің арқасында үдесінен шығатынына сенім білдіріп, жиынды қорытындылады. Аталған бағыттағы ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасатын болады.