Таңдаулы жаңалықтар:
Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дені саудың жаны сау» ұранымен денсаулық күні өтуде.
Шара аясында дәрігерлер «Шымкент-Плаза», «Мега», «Север» сауда ойын-сауық орталығында қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Сағат 10:00 мен 18:00 аралығында кез-келген қала тұрғыны орталыққа келіп дәрігердің тексеруінен өте алады. Онда кардиолог, невропатолог, окулист, терапевт және т.б мамандардан тегін медициналық кеңес алуға болады.
Сондай-ақ қаланың шетіндегі шағын аудандарда да бейінді мамандар жергілікті тұрғындарды тегін қабылдап, медициналық көмек көрсетуде. Атап айтқанда №11 қалалық емханасына қарасты «Ақтас» дәрігерлік амбулаториясында, №10 қалалық емханасына қарасты «Қайнар» ФАП-де, №12 қалалық емханасына қарасты «Шапырашты» дәрігерлік амбулаториясы мен №7 қалалық емханасына қарсты «Тоғыс» дәрігерлік амбулаториясында халыққа бейінді мамандардың кеңесі ұйымдастырылуда.