Қоғам қауіпсіздігі қашанда маңызды. Бұл бағытта, Шымкентте әсіресе жастарға қандай жағдай жасалып жатыр?
Қаладағы барлық мектепте ішкі бейнебақылау камералары орнатылған және 4 аудандық Полиция басқармасының жанынан «бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашылды. Сондай-ақ 356 көше мен ауланы жарықтандыруға бюджеттен 375 млн теңге бөлінгенін де айта кеткен жөн.
Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 270 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26 пайызы жастар деген сөз.
Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, биыл жас кәсіпкерлерді қолдау үшін 350 млн теңгеге 600 грант бөлінді. Ал жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 900 пәтер сатып алуға 11,3 млрд теңге қаржы қарастырылып, бүгінде 300 пәтердің кілті жастарға табысталды. Сонымен қатар биыл студенттерге арнап 1 500 орындық 4 жатақхана салынды.