Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударылды - Zau.kz

Шымкент қаласы әкімдігінің «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2021 жылғы      19 наурыздағы № 184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы қаулы жобасы, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 13 шілдедегі № 207 бұйрығына сәйкес әзірленуде.

Қаулы жобасы 20.10.2021 жылы №83 номерлі «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінде жарияланды, 12.10.2021-26.10.2021 аралығында ашық порталда талқыланды, АШМ-мен 25.10.2021 жылы келісілді.

Аталған қағидадағы өзгеріске байланысты, биыл мал азығы шығындарына берілетін субсидия үшін қойылатын талаптар мен нормативтер жергілікті билікке жүктелген.
Сондықтан, қағиданы басшылыққа алып, қаулы жобасымен ІҚМ аналық басы үшін 35 000 тг-ден бастап, 50 000 – 70 000 тг аралығында норматив бекітілуде (меншігінде кемінде 15 аналық ІҚМ болуы шарт);
Қойдың аналық басы үшін 8 000 тг (меншігінде кемінде 50 аналық уақ болуы шарт);
Жылқының аналық басы үшін 30 000 тг (меншігінде кемінде 15 аналық уақ болуы шарт);
Шошқаның аналық басы үшін 7 000 тг (меншігінде кемінде 50 аналық уақ болуы шарт);

Осыған орай туындаған сұрақтарыңыз және қосымша ақпараттар алу үшін Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мал шаруашылығын дамыту кооперация бөліміне : 24-74-07 байланыс телефонына хабарласуыңызға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *