Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ АПТАСЫНА ҮШ КҮН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылап келеді.

Қала аумағында өтетін жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынады.

Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандарынан 200-ден астам тауар өндірушілер қатысуда.

Қала тұрғындары ет, сүт өнімдерімен қатар, бақша көкөністері мен жеміс-жидек секілді күнделікті тұтыну тауарларын делдалсыз тікелей сатып алу мүмкіндігіне ие.

Айта кетсек, жәрмеңке әр аптаның сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері қаланың «Фосфоршылар мәдениет үйінің» алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары және «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында өтеді.