Еліміздегі көпбалалы отбасылардың басым бөлігі Шымкент қаласында тұратыны белгілі. Қалада баспана кезегінде тұрғандар да көп. Бекітілген басым бағытта тұрғын үймен қамту жайы қаралған.
Бүгінде Шымкент қаласында 258 мыңнан астам отбасы өмір сүреді. Оның шамамен 25 мыңы көпбалалы отбасылар. Дана халқымызда «Өз үйім – өлең төсегім» деген тәмсіл бар. Баспана – әрбір отбасының қуанышы мен шаттығының, мәнді де берекелі ғұмырының бастауында тұрған құндылық. Сондықтан «Nur Otan» партиясы халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге айрықша назар аударады.
Сайлауалды бағдарламада белгіленген міндетке сәйкес, 2025 жылға қарай Шымкент қаласындағы тұрғын үй қоры әрбір азаматқа шаққанда 27 шаршы метрге жеткізіледі. Соның ішінде 2021 жылға 4 664 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 29,2 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға – 160 пәтер, ал көпбалалы аналарға 148 пәтер табысталды