Жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, ал қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдалануда 7 канал және 4 су қоймасы бар.
Су қоймалардың «Тоғыс», «Бадам» су қоймалары «ҚазСушар» РМК меншігінде болса, «Текесу», «Ақжар» су қоймалары басқарманың теңгерімінде.
Бүгінде жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналдарға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артатын болады.
Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында 4 жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде.