Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте 12 мыңнан астам отбасыға дәрі қобдишасы берілді

Шымкентте коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға дәрі-дәрмек қобдишалары таратылды.

Бүгін қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қаладағы төрт ауданда дәрілік қобдишаларды тарату нүктелеріне барып, іс-шараның атқарылу барысымен танысты.

Бүгінде қалада АӘК алатын 30 мыңнан астам отбасы болса, оның ішінде 12 430 отбасыға дәрі қобдишалары үлестірілді.

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған. Айта кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, АӘК алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары 15 шілдеден бастап таратыла бастаған болатын. Мұндай қобдишалар қаладағы «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *