Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТКЕ ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САУДА-ӨНЕРКӘСІПТІК ПАЛАТАСЫ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев Татарстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы делегацияларымен бизнес кездесу өткізді.
Аталған жиын Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы байланыстарды нығайту және инвестициялық жобаларды таныстыру мақсат еткен.
Татарстандық делегаттарға қаламыздағы Индустриалды аймақтар және «Оңтүстік» АЭА, «Shymkent invest» орталығындағы мүмкіндіктер таныстырылды.
А. Сәттібаев кездесу барысында татарстандық делегаттарға Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе татарстандық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі