Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА! - Zau.kz

Жол салу, жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарының барлығы – ең бірінші кезекте жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданынының солтүстік бөлігінде орналасқан 13 көшенің құрылысы жоспарға сәйкес қарқынды жүруде. Соның ішінде, биылғы жылғы жоспарға сәйкес № 2, 6, 8, 10 жол құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарда.

Қазіргі таңда, «Отау-строй» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан №2 жол құрылыс жұмыстарының 98 пайызы аяқталса, «Строй Жол Сервис» ЖШС №6 жолдың 96 пайызға жуық жұмыстарын аяқтаған.

Сонымен қатар, қалған 9 көше құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) келер жылға жоспарланған.