Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ СЫЗЫЛДЫ - Zau.kz

Қаламызда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылуда.

Шымкент қаласында асфальт жолдың ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері осы жолға көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары жаңартылды. Оның 150 шақырымы термопластиктен болса, қалған 65 шақырымы акрильді краскадан сызылды.

Жоспардағы жөндеу жұмыстары қыркүйек — қазан айлары бойынша аяқталып, Республика даңғылы, Б.Момышұлы көшесі, Қонаев даңғылындағы жаңа әуежай терминалына кіреберіс жолдардың жол таңбалары жаңартылды.

Алдағы жоспарға сәйкес Ж.Тәшенов пен Ж.Шаяхметов көшелерінің жол таңбалары сызылды

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *