Таңдаулы жаңалықтар:

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ - Zau.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасының екінші кезеңінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілуде.

Бүгінгі шараның ресми ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңыс Мұқан, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сондай-ақ, қатысушы командалар және олардың жанкүйер фан-клубтары қатысты.

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес бүгін қыздар арасында волейбол спорт түрінен А.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясы және Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп гимназиясының командасы бақтарын сынады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *