Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент – туристік әлеуеті жоғары, 2200 жылдық тарихы бар қала

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған туризм саласы кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.

Бүгінгі «Шымкент 2200: туристік креативті қала бейнесі» шарасы туристік индустрияны дамытудың бәсекеге қабілетті және табысты жобаларын анықтауға және өзара табысты ынтымақтастық орнатуға таптырмас алаң болады деп сенемін.

Бұл шараға Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының туристік сала өкілдері шаһардың қолөнершілері мен суретшілерінің туындыларымен танысып, жергілікті ас үй тағамдарынан дәм татып, театрландырылған қойылымдарды тамашалады.

Ертең келушілерге арналған форум өтеді. Форум аясында креативті жобалардың конкурсы тәмамдалып, медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия бағыттарында үздік жобалар марапатталатын болады.