Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР ИЕЛЕНДІ - Zau.kz

Литваның Вильнюс қаласында 21-31 қазан аралығында пауэрлифтингтен Әлем Чемпионаты өтті. Шымкент қаласындағы кешенді жоғары спорт шеберлік мектебінің спортшылары «Жатып сығымдап көтеру» жаттығулары бойынша 11 медаль жеңіп алды. Оның ішінде: 6 – алтын, 2 – күміс, 3-қола иеленді.

Әйелдер арасында Хан Ксения (ЕССШ) – 76 кг — 2 алтын (1 классика, 1 экипировка), Николаева Алевтина (СШҮ) – 84 кг — 1 алтын (1 экипировка) және Абдураимова Азиза (ХДСШ) – 84 кг — 1 қола (1 экипировка).

Ерлер арасында Қошқаров Айдар (СШ) – 1 күміс және 1 қола.

Жасөспірімдер арасында Кәрімбеков Руслан (СШ) — 53 кг – 2 алтын (1 классика, 1 экипировка), Шаукатов Жавлан (ХДСШ) – 93 кг — 1 алтын (1 классика), Абдурахманов Тохиржон (СШҮ) – 105 кг — 1 күміс (1 экипировка) жіне Төлегенов Қуанышбай (СШ) – 74 кг — 1 қола (1 экипировка).

Спорт саласында жетістікке жеткен Шымкенттік спортшыларымызды құттықтаймыз!