Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: САЯБАҚ ЖӘНЕ ГҮЛЗАР ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРДА - Zau.kz

Шымкентте қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру жұмыстары ұдайы басты назарда.

Шымкент қаласы аумағындағы саябақтар мен гүлзарларға ағымдағы жылдың күз мезгілінде мердігер мекеме «Build Stroi» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен 10 000 дана ағаштар оның ішінде 7 000 дана қылқанжапырақты, 3 000 дана жай жапырақты ағаштар егілуде.

Сонымен қатар қыркүйек айының соңында Шымкент қаласы №1 айналма жолдың бойындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнынан жаңадан аумағы 4,48 гектарды құрайтын саябақтың құрылысы аяқталып, қала аумағындағы саябақтардың саны 9 ға жетті.

Қала аумағындағы халық санының артуын және жалпы стандарт бойынша жан басына шаққанда жасыл желектер 10 шаршы метрден кем болмауын ескере отырып, 2022-2025 жылдарға жаңадан 23 гүлзар орындарын салу бойынша ұсыныс берілді. Ұсыныс қала әкімімен қолдау тауып, әр жыл сайын 5-10 гүлзардан салып, қаланың көгалдандыру аумағын 30,25 гектарға арттыру жоспарланып отыр.

Аталған бағыт бойынша 2022 жылы қала аумағынан 4 саябақтың және 6 гүлзардың құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Шымсити шағын ауданындағы саябақ аумағы 47 гектарды құрайды, көлемі жағынан шахардағы дендросаябақтан кейінгі екінші үлкен саябақ болады.