Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласында «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған дәстүрлі марафон шаhарда осымен бесінші жыл ұйымдастырылуда. 10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды. Марафонға қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым қызығушылық танытуда. Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, royalfitness.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Аталған спорттық іс-шараны «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары, «Evrika» сауда үйі және

Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырып отыр. ТІРКЕЛУ АШЫҚ! СТАРТ – 10 ҚАЗАН! «Shymkent Marathon 2021» марафонын жіберіп алмаңыз. Саламатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді болуға шақырамыз.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін +7 701 311 4114 нөміріне хабарласыңыз.