Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ 31 ТАЛШЫҚТЫ ОПТИКА ЖЕЛІСІ ЖҮРГІЗІЛДІ - Zau.kz

Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес бүкіл қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптарды талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету тапсырылған болатын.

Бүгінде осы тапсырмаға сәйкес интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі арқылы интернетпен қамтамасыз ету үшін басқарма тарапынан жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізілді.

Нәтижесінде, «Fishnet» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, қала орталығын толықтай оптика желісімен қамтамасыз ету жоспарланып, компания тарапынан қала орталығындағы 31 көшеге толықтай талшықты оптика желісі тартылды.

«I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық, Достық, Асар шағын аудандарына талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 9000 үйге талшықты оптика желісі тартылды. Оның ішінде 1000-ға жуық үй өтініш беру арқылы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке іске қосылған. Мердігер компания 2022 жылы Самал-3, Шұғыла, Ақниет, Қызылжар, Ынтымақ, Жайлау Қарасу, Солтүстік-Батыс шағын аудандарын оптика желісімен қамтуды жоспарлауда.

 

«СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан 2022 жылы 6 елді мекенді оптика желісімен қамту келісілді.

Жалпы шалғай орналасқан елді мекендер мен шағын аудандарды 100% талшықты оптика желісімен қамту үшін жол карта әзірленген. Картаға сәйкес бүкіл қала аумағы 2022-2025 жылдары толықтай талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындары тарапынан оптика желісіне қосылуға өтінім берілген жағдайда жоғарыда аталған қала көшелеріне (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) сапалы интернет «FishNet» компаниясы арқылы жеткізілетін болады. Ол үшін Д.Қонаев көшесі 210 пәтерге барып, өтініш беру арқылы немесе +7 (7252) 60 60 60 байланыс номеріне хабарласу арқылы интернет желісіне қосыла алады.