Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласы «Қолөнер және халық шығармашылығы» бағытында ЮНЕСКО-ның креативті қалалар желісіне мүшелікке өтінім берді. Ұлы Жібек Жолының бір бөлігінің керуен жолдарының қиылысында пайда болған біздің қаламыздың бұл үшін барлық алғышарттары бар – Шымкент Орта Азияның ежелгі қалаларының құрамына кіреді және бай тарихы мен мәдениеті, халық шығармашылығы, қолөнершілікке деген өсіп келе жатқан қызығушылығы, түрлі мәдени жобаларды іске асыруға жұртшылық пен қала тұрғындарын кеңінен тарту мүмкіндігі бар.

Бұл процестің тарихи тамыры Ұлы Жібек Жолынан бастап, мәдениеттер мен өркениеттердің қиылысу нүктесі, қолөнершілік халық табысының басты бөлігі болып табылған ежелгі Шымкентте ұрпақтан ұрпаққа беріліп, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан. Шымкентте бүгінде қолөнершілердің көптеген отбасылық әулеттері жұмыс істейді.

2004 жылы құрылған ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісі әлемнің жеті шығармашылық бағытта — қолөнер және халық шығармашылығы, сандық өнер, дизайн, кино, гастрономия, әдебиет және музыка бойынша халықаралық ынтымақтастыққа ықпал етеді. Желіге 80-нен астам елден 246 қала кіреді. Шымкенттің өтінімі ұйымдастыру комитетімен сәтті қабылданды. Нәтижелер осы жылдың күзінде жарияланады.