Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: ҚАРИЯЛАР БАСЫЛЫМДАРҒА ТЕГІН ЖАЗЫЛДЫ - Zau.kz

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басты бағыттарының бірі ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Осы бағытта, 80 жастан асқан жалғызбасты қарттарға ай сайын 2 АЕК яғни, 5834 теңгеден әлеуметтік төлемдер жүргізіліп келеді. Одан бөлек, мерекелік күндерге орай бір реттік төлемдер есеп шоттарына аударылады.

Шымкент қалалық мәслихат шешімімен ардагерлер өздерінің сүйікті республикалық, облыстық және қалалық басылымдарына да тегін жазыла алады. Олар, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер және «Ардақты ардагер» журналы. Басқарма тарапынан жыл сайын басылымдарға тегін жазылатын ардагерлер санын көбейту көзделген және газет, журналдарға тегін жазылу ардагерлер кеңесінің берген тізіміне сәйкес беріледі. Сонымен қатар, биыл Шымкентте 2500-ге жуық қария басылымдарға тегін жазылды.

Айта кетейік, жалпы қала бойынша қазіргі таңда 80 жастан асқан 122 жалғыз басты қария бар.