Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: КАНАЛДАРДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - Zau.kz

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде жүргізілу үстінде. Осы орайда, қала аумағында орналасқан «Сайрам су оң жағалау», «Көк» және «Чумчак» каналдарында күрделі құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғандарға пайдалануға берілді.

Жөндеу жұмыстарының нәжижесіне сәйкес, айналадағы 1 743 гектар жер айналымға қосылып, 1 600-ге жуық үй іргелік жерлер ағын сумен қамтамасыз етілді және тұрғындардың жұмыс айналым деңгейі кеңейе түсті.

Егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жалпы ұзындығы 131 шақырым құрайтын 18 каналға тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, канал жиегінде орналасқан елдімекендер арасында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 100,6 шақырымды құрайтын 9 каналға санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.