Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен шара осымен елімізде төртінші рет өтіп жатыр.

Іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов қатысып, жеті номинация бойынша үздік деп танылған қатысушыларды марапаттады.
«Қайырымдылық керуені» байқауы игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бақытталған. Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтауға үлес қосады.