Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ - Zau.kz

Бүгінгі өткен кеңестің отырысын Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов ашып, жұмыс тобы қалыптастырған резервтік тізім бойынша Заң талаптарына сай кезектілік тәртібімен қабылданған жаңа мүшелерімен таныстырып арнайы төсбелгі табыстады.

Кеңес құрамына ресми түрде қабылданған жаңа мүшелер:
Созақбаева Эльмира Раймбекқызы – Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы. Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы — Шымкент қаласы «Су құбырлары және канализация басқармасы» МКК директорының орынбасары.
Өз кезегінде Б.Нарымбетов Шымкент қаласы Қоғамдық кеңес құрамына қабылданған жаңа мүшелерді арнайы құттықтап, жұмыстарына сәттіліктер тіледі.