Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысы және Абай ауданы әкімі жанындағы жастар кеңесі өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлының қатысуымен Абай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысымен танысу және Абай ауданы әкімі жанындағы жастар кеңесі өткізілді.

Жастар кеңесіне Абай ауданың әкімі Бұхарбай Парманов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов және ауданның белсенді жастары мен жастар жанындағы кеңестің өкілдері қатысты.

Аталмыш шарада Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов презентациялық баяндамасында, орталықтың бірінші қабаты жастарға қызмет көрсету, екінші қабаты релакс зона және коворкинг, үшінші қабаты психологиялық жеке қабылдау және тезисный зал бағыттары бойынша жұмыс жасайтындығын айтып өтті.

 

Орталықтың жұмыс барысымен танысып болған соң, жастар кеңесі бойынша «Ерікті жастарға арналған мейірім порталының қызметін ұйымдастыру туралы» баяндама оқылды. Онда «Саябақтағы кешкі уақыт» тақырыбында жастар көп шоғырланатын жерде Street Workaut алаңшаларын ашу; Әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан мектеп оқушыларын MMA, бокс, кикбоксинг және т.б спорт түрлеріне тегін қатысуға мүмкіндік алу тұрғысынан сұрақ-жауап және пікір алмасып, осы мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ жастар кеңесі соңында Абай ауданындағы 66 мектептің 11сынып оқушысы кикбоксинг спорт түрінен жақында өткен Венгрия — Будапешт әлем чемпионы Сырымбек Белесбекті аудан әкімі чемпион атанғанымен құттықтап медаль табыс етті. Бұған дейін Қазақстан чемпионы, 2 рет Өзбекістанда өткен Азия чемпионы атағын алған Абай ауданының жасөспірімі.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *