Таңдаулы жаңалықтар:

«SHYMKENT JASTAR LIGASY» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ | Zau.kz

Шымкенттегі жоғары және арнаулы оқу орындары арасында өткен спорттық дода өз мәресіне жетті. Жоғары спорт шеберлігі мектебінде «Shymkent jastar ligasy» жобасының қатысушыларына құрмет көрсетіліп, жеңімпаздар марапатталды. Жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған болатын.

Дүбірлі доданың жабылу рәсімінде сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, аталған жобаның ауқымы кеңейіп, татулық пен достықты ту еткен біріншіліктің тартысты болғанын айттып өтті. Сонымен қатар, жүлдегер атанған жастарды жеңістерімен құттықтады.
– Қала әкімінің қолдауымен өткен жылы Жастар лигасының бірінші кезеңін өткізген болатынбыз. Биыл жаңа оқу жылында жоғары және арнаулы оқу орындарынан да командалар жарысқа қатысуға ниет білдірді. Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың бұқаралығын арттыру. Аталған жарыс бақталастық емес, достық қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады деп сенеміз, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Спорттық сайысқа жоғары және арнаулы оқу орындарынан жалпы 98 команда қатысқан. Олар футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Тартысты дода нәтижесінде жеңіске жеткендерге кубок пен медальдар табысталды.

Салтанатты жиын соңында жас гимнастшылар өнер көрсетіп, іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Жоғары оқу орындары арасында:

ФУТБОЛ
І-орын иегері — Орталық Азия Инновациялық Университеті,
ІІ-орын иегері — Шымкент университеті,
ІІІ-орын иегері — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

ВОЛЕЙБОЛ
І-орын иегері — Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті,
ІІ-орын иегері — Орталық Азия инновациялық университеті,
ІІІ-орын иегері — Шымкент университеті.

БАСКЕТБОЛ
І-орын иегері — Орталық Азия инновациялық университеті,
ІІ-орын иегері — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,
ІІІ-орын иегері — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

ШАХМАТ
І-орын иегері — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,
ІІ-орын иегері — Шымкент университеті.

ФАН-КЛУБ
Бас жүлде иегері — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
І-орын иегері — Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы,
ІІ-орын иегері — Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті,
ІІІ-орын иегері — Орталық Азия инновациялық университеті.

Орта арнаулы оқу орындары арасында:

ФУТБОЛ
І-орын иегері — М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі,
ІІ-орын иегері — Жол көлік колледжі,
ІІІ-орын иегері — Индустриалды-техникалық колледжі.

ВОЛЕЙБОЛ
І-орын иегері — Шымкент жоғарғы педагогикалық колледжі,
ІІ-орын иегері — М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі,
ІІІ-орын иегері — «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі.

БАСКЕТБОЛ
І-орын иегері — М. Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі,
ІІ-орын иегері — М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі,
ІІІ-орын иегері — Шымкент аграрлық-техникалық колледжі.

ШАХМАТ
І-орын иегері — Политехникалық колледжі,
ІІ-орын иегері — М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі,
ІІІ-орын иегері — Түркістан – индустриалды құрылыс колледжі.

ФАН-КЛУБ
Бас жүлде иегері — Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының колледжі.
І-орын иегері — Политехникалық колледжі,
ІІ-орын иегері – Шымкент көпсалалы коледжі,
ІІІ-орын иегері — «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі.