Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ХХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ - Zau.kz

Шымкент қаласында грек-рим күресінен ХХVII-ші Республикалық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Академик М.Б.Сапарбаевты еске алуға арналған Республикалық ашық турнирдің ашылуына Шымкент қаласының әкімінің орынбасары М.Исахов қатысты.

Турнирге елімізге белгілі спорт шеберлері мен Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан, Қарақалпақстан, Бразилия шет елдерінің командалары қатысуда. Аталмыш спорт түрінде 267 спортшы өз бақтарын сынайтын болады.

— Кез келген шыңды еңбек арқылы бағындыруға болады. Сондықтан барша спортшыларға биік мансап пен сәттілік тілеймін. Намысты ту еткен спортшыларымыздың жеңісті жолдары жемісті болғай, — деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, турнир барысында жеңіске жеткен споршылар «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болады.