Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ САНЫ 68 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ - Zau.kz

Бүгін  бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Бағлан Телеу мәлім етті.

Әскери прокуратура 9 айдан бері жаңа форматтағы жұмысты атқарып келеді. Ұйымдастырушылық шаралардың нәтижесінде жаңа модель қаламызда сәтті іске асырылып жатыр. Шымкент гарнизонында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 68 пайызға төмендеді. Оның ішінде ауыр қылмыстар 75 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар 50 пайызға және жеңіл қылмыстар 100 пайызға дейін азайды.

Сонымен қатар, қылмыстық істі тоқтату (немесе қысқарту) көрсеткіші 37,5 пайызға, сотқа жолданатын істердің саны 75 пайызға кеміді.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қаламызда ҚР Бас Прокуроры мен ҚР Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес, қасақана кісі өлтіру қылмыстары мен азаматтардың құқықтарына әсер ететін негізгі процестік шешімдердің прокурормен қабылдануы жөнінде пилоттық жоба іске асырылып жатыр.