Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛАДЫ - Zau.kz

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Осыған орай, Еңбекші ауданында бірқатар нысандар ашылу жоспарлануда.

Атап айтсақ:

— Көпқабатты 14 тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, 9 мекенжайда кешенді спорт алаңшалары (футбол, тренажер, воркаут) тұрғындардың игілігіне тапсырылады;
— Академик А.Қуатбеков атындағы «Халықтар достығы» университетінің 280 орындық жатақханасы пайдалануға беріледі (өз есебінен);
— «Галилео» бастауыш мектебі мен «Мирас» шағын ауданында 600 орындық жекеменшік мектеп және (жеке кәсіпкер «Избаев») «Жалын» тұрғын алабында «Ер-Хансұлтан KIDS» бөбекжай балабақшасы ашылады;
— Оңтүстік арнайы экономикалық аймақта «Шымкент Химиялық Компаниясы» жанар май өңдеуге қажетті химиялық қоспа (Метил-трет бутил эфир) және пластикалық материалға қажетті (полипропилен) ұнтақтарды шығару зауыты іске қосылады;

Сонымен қатар, аудандағы тұрғын алабтарда «Біздің көше тұрғындары» атты мерекелік іс-шарасын өткізу жоспарлануда.