Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ӨҢІРІМІЗДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ - Zau.kz

Шымкент қалалық Дін істері басқармасының қолдауымен және «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, «Жусан» әлеуметтік операциясы аясында елге оралған қандастарымыз өңіріміздегі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасады.

Аталмыш іс-шараның мақсаты — террористік аймақтардан оралған азаматтарды қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және өзінің туған өлкелерінің мәдени орындарымен таныстыру.

Елге оралған 60-қа жуық қандастарымыз Шымкент қаласы және Түркістан облысы аймағындағы қасиетті орындарды аралаудан бастады. Ең алдымен, киелі Қазығұрт ауданындағы «Кеме қалған» монументінің тарихымен танысып, Шымкент қаласындағы «Цитадель» қалашығын аралаумен жалғасты.

Сонымен қатар, елге оралған отандастарымызға басқарма тарапынан әзірленген концерттік бағдарламалар арнайы әзірленіп, естелік сыйлықтар тарту етілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *