Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ БАЗАРЛАРЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі таңда карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптардың орындалуы маңызды. Атап өткенде, маска кию, санитайзерлердің болуы мен арақашықтықты сақтау сынды нормалардың орындалып жатқандығы қатаң бақылауға алынды.

Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген.

Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда арақашықтық қатаң сақталып, дезинфекциялық құралдар- тепловизер, санитайзер, дезинфекциялық кілемше көзге көрінетін жерлерге қойылуы керектігін назарға алды.

Одан өзге, Әл-Фараби ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық қоғамдық тамақтанатын орындар, тойханалар және компьютер клубтары қатаң бақылауда. Аудан әкімдігінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге кезекті рейд барысында карантин талаптарын бұзған бірқатар нысандарды анықтады. Санитарлық нормаларды сақтамаған 5 кәсіпкерлік нысанға айыпұұл салынды.

Қала тұрғындарының НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ! Адам көп жиналатын орындарға бармау, бетпердені (маска) дұрыс тағу, карантин талаптарын бұзбау, сондай-ақ, той, жиын, ас басқа да іс шаралар өткізуге тыйым салынған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *