Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: «АНАҒА ХАТ» ОНЛАЙН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ | Zau.kz

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты №5 жалпы орта мектебінде тұңғыш рет 8-11 сынып оқушылары арасында пилоттық жоба ретінде «Анаға хат» шығармашылық байқауы онлайн түрде өтті.

Іс-шараның мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жастарға үлгі боларлық тәлім-тәрбие мен үлкендерге деген құрметтің жоғары тұратынын ұғындыру.

Онлайн форматтағы іс-шараның бірінші кезеңіне сәйкес, қазылар алқасы 49 оқушының шығармаларымен танысып, озық ойлы қатысушыларды марапаттады.

Пилоттық жобаның екінші кезеңі «Саз» колледжінде жалғасты. Жобаның авторы, айтыскер-ақын, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Леубаева Ақмарал Пернебекқызы қатысып екінші кезең бойынша жеңіске жеткен байқау жеңімпаздарын құттықтап, түрлі номинациялармен марапаттады. Сондай-ақ ақын жастарға өз мотивациялық әңгімелерін айтып, әсем әуенмен керемет өлең жолдарын арнады.

Қатысушылар арасында озық ойлы жазылған 4 шығарма иегерлеріне аудан әкімінің арнайы жүлделі орындармен қатар демеушілер есебінен смартфон мен планшеттер табысталды. Шығармаға белсенділік танытқан мектеп ұстаздары да аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *