Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ 7 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ | Zau.kz

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әл-Фараби ауданында 7 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы аудан аумағына қарасты 404 көшенің ұзындығы 282 шақырым. Оның ішінде асфальт төселген жол 224 шақырымды құраса, қалған 58 шақырымы тас жол.

Сондай-ақ, осы жылы аудан аумағындағы шалғай елді мекендегі 13 көшеге 5,2 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Сәуле шағын ауданына 195 орамдағы 8 көшеге 3,4 шақырым, Ақтас-2 елді мекеніндегі 5 көшеге 1,8 шақырым тас төселді.