Таңдаулы жаңалықтар:

Шымқалада биыл 25 мектеп пайдалануға берілді | Zau.kz

Сапалы білім мен саналы тәр­бие алған жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі де­сек, «Nur Otan» партиясы қалада білім беру саласын дамытуды да өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде белгілеген.

Жүйелі жұ­мыс пен жіті партиялық бақы­лау­дың арқасында бүгінде Шымкент мектептеріндегі орын тапшылығы мен 3 ауысымды оқыту мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Нақты айтсақ, биыл Шым­кентте жеке инвесторлар тарапы­нан 10 794 орындық 21 мектеп, ал бюджет есебінен 1 920 орындық 4 мектеп ашылды. Жалпы, биыл 12 714 орындық 25 мектеп пайда­лануға беріліп отыр. Осылайша, биыл 3 ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін азайып, апатты жағдайдағы білім ұяларының мәселесі толығымен шешілді.