Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫҒЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА - Zau.kz

Шымкент қаласында Шығыс айналма жолының яғи, №1 автожолдан Жібек жолы көшесіне дейінгі аумақта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше ұзындығы 3,98 шақырымды құрайтын жол құрылысының мерзімі 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Жауапты мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС. Ал жобалаушы мекеме – «Улмад» ЖШС.

Қазіргі таңда аталған нысанның жол негіздемесін дайындау, жол жабынының жер жұмыстары қолға алынған. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *