Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫҒЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖАСАЛЫНУДА - Zau.kz

Шымкент қаласында №1 автожолдан Жібек жолы көшесіне дейін Шығыс айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, 2021 жылы байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, нысанның жол негіздемесін дайындау, жол жабынының жер жұмыстары қолға алынған.

Жоспарға сәйкес 2021-2023 жылға жоспарланған жол-құрылысының ұзындығы – 3,98 шақырымды құрайды.

Айта кетейік, құрылыс барысын «Отау Строй» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Ал жобалаушы мекеме — «Улмад» ЖШС.