Шуда 5 жылдың ішінде 2500 жұмыс орны ашылмақ

07/01/20211min540

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Ниязбеков «Есіктен есікке» акциясы аясында аудан орталығының тұрғындарымен  кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Халық қалаулысы болуға бел буған үміткер «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттар туралы баяндап, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жұмыстардың барысымен таныстырды.

Айта кету керек, сайлауалды бағдарламадағы «Экономикалық тұрақты аудан» деп аталатын алғашқы басымдықта «Nur Otan» партиясы жергілікті тұрғындарды өмір сүру деңгейін арттыруды көздеп отыр. Олардың қатарында лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын құру міндеті де бар. Үміткер Б.Ниязбековтың айтуынша, Шу ауданы – индустриалды-аграрлы аймақ. Сондықтан, аудандағы өнеркәсіп саласын дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаңа өндірістер ашуға баса назар аударылмақ. Бұл жыл сайын            100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ол үшін «Nur Otan» партиясы Тасөткел ауылдық округінде орналасқан «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инженерлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен аяқтап, 9 өндірісті іске асыруға ниетті. Олардың қатарында «Натрий метабисульфитін өндіру» зауыты, «Глифосат (гербицит)» және «үштекті фосфор  хлоры өндірісі» біріктірілген химиялық кешені, «Бояу-лак өнімдерін өндіру» зауыты, «Өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарының өндірістік сынды іргелі өндіріс ошақтары да бар.

Сонымен қатар, жыл сайын 1110 тұрақты жұмыс орындарын құруға,  2247 бос  тұрған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына 82 адамнан кем емес, жастар тәжірибесіне 403  адамнан кем емес жастарды тартуға, 135 кредиттен кем емес шағын несие беруге ниетті. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізу де жоспарда бар. Аталған жұмыстардың барлығы да іске асқан кезде ауданымызда 5 жылдың ішінде шамамен 2500  жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Үміткер осы және өзге де жоспарлы жұмыстарды қала тұрғындарына кеңінен түсіндіріп, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өз кезегінде жергілікті тұрғындар «Nur Otan» партиясына сенім білдіретіндіктерін және саяси науқанды жеңіспен аяқтайтынына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Шу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.