Таңдаулы жаңалықтар:

Шпекбаевтің орнына Ахметжанов отырды

ҚР Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Ол ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылған еді.

М.М. Ахметжановты тағайындау туралы Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 16 сәуір

№ 552

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті атқарып келген  Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.