Шалғайдағы үш ауылда балалар ойын алаңшалары ашылды

Жайлаукөл ауылының тұрғындары мен кішкене бүлдіршіндері үшін қуанышты жаңалықтар орын алуда.
Өйткені Жайлаукөл ауылында балалар ойын алаңы ашылды.
Бұл ойын алаңын салдырған жеке кәсіпкер Айнабеков Сағдатқа ауылдықтар дән риза.
Мұның бәрі де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен ұштасып жатқан тірлік.
Тұңғыш Президент сол мазмұнды мақаласында: «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл¬діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ¬дар¬ла¬масын жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуға тиіс» деген ой қозғады.
Жалпы мұндай балалар ойын алаңы тек қана Жайлаукөл де ғана емес, Қамқалы ауылдық округінің Шығанақ, Қамқалы ауылдарында да ашылды.
Балалар көз қуанышымыз, сол сықылды, әрбір баланың қуанышы біздің бақытымыз.
Ойын алаңын Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжолов Ештай мен Қамқалы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Әубәкіров Бораш ашып берді.
Бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.
Осылайша Төменгі Шу бойында ілкімді істер өз жалғасын табуда. Баянды бастамалардың барлығы да халықтың игілігіне бағытталып жатқанын айрықша атап өткен ләзім. Өйткені, бүгінгі бала-ертеңгі ел тірегі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru