Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасы аясында шалғай елді- мекендерде орналасқан жастарға орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету.
Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты Қазғұрт елді- мекенінде өтті.