Таңдаулы жаңалықтар:

ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорымен бірлесіп жасалған меморандум шеңберінде балаларға арналған
шахмат үйірмесін бастады.

Мақсат — мектеп жасындағы балалардың интернетте өткізетін уақыттарын пайдалы үйірмеге бағыттау, балалардың дамуына жағдай жасау.

Жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа 10 баладан жазылып, бүгін 9 тамыз күні алғашы сабақ басталып кетті. Курс сабақтары аптасына 3 күн 1 сағаттан, Әл-Фараби алаңы, 3/2 ғимаратта өтеді.

Сонымен қатар аптасына үш рет өтетін тоғызқұмалақ үйірмесіне жазылу мүмкіндігі де бар. Тоғызқұмалаққа қатысамыз деген балалар ата-анасымен бірге Әл-Фараби алаңы, 3/2 мекенжайындағы Орталық филиалына келіп жазылуы қажет.