Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ашық есік күні өтті

Биыл Шыңғыстаудан шыққан қазақ әдебиетінің асқар биігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Дана да, дара да, кемелді кемеңгер, ғұлама ойшылдың шығармашылығын насихаттауда қоғамның рухани жағынан дамуына, мәдениетін көтеруге ықпал ететін мәдени орта – кітапханалардың алатын орны ерекше.

Осындай игі шаралар легі Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жалғасын тапты. Кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Абай Құнанбаевтың шығармалары, ақын жайлы жазылған кітаптар, мақалалар, ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан», Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Абай мен Алаш» атты мақаласы да қойылды.

Сонымен бірге, кітапхана қызметкерлері  Абай Құнанбаевтың өлеңдері, қара сөздері, әндерін орындап, #Абай 175 хэштегімен Жамбыл облыстық кітапханаларына челлендж эстафетасын жолдап, жыл бойы қызметкерлер Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқып,  #Абай 175 хэштегімен фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілеріне жариялайды.

Кітапхананың кітап қорындағы құнды басылымдар Абай Құнанбаевтың кітаптары мен мақалаларынан бекстейдж әзірленіп, әлеуметтік желілерге жыл бойы жарияланып тұратын болады.

Абай поэзиясы – даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы, оның мол мұрасын жаңаша ұғыну жалғасып, кітапхана өз оқырмандарына Абай мұрасын насихаттау жұмысын тыңғылықты түрде жалғастыра береді.

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru