Сайлауалды бағдарлама жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр

«Өзгерістер жолы-Әр азаматқа лайықты өмір!»- атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан халықтың оң көзқарасын қалыптастырып жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған сайлауалды бағдарламасын Жуалы ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және Экспромт-кездесу, ауыл тұрғындарымен кездесу  секілді үгіт-насихат жұмыстары  жүзеге асырылуда. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Жуалы ауданы және оған қарасты елді мекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда. Сайлауалды бағдарламада дамудың жеті басымдылығы айқындалып, тұрғындардың әл- ауқатын көтеру көзделген.

Әр азаматтың өзіне лайықты өмірді қалыптастыруға бағытталған сайлауалды бағдарлама ұлтымыздың берекесі саналған ауыл тұрғындарының оң көзқарасын қалыптастырып, нәтижелі жұмыстың ұйытқысы болып отыр. Штаб мүшелері және партияның сенім білдірген өкілдерімен алдағы күндері үгіт-насихат шаралары жалғасын табатыны негізге алынып, ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар таратпа парақтары  және 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған.

 «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *