Таңдаулы жаңалықтар:

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары

«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының ғимаратында аудандық сайлауалды штабтың ашылу салтанаты болып өтті. Ашылуына барлық штаб  мүшелері, кандидаттар толық қатысты. Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабының басшысы Мұратбек Есмұрзаев баяндама жасады. Баяндамада 1О желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын, аудандық филиал толық дайын екендігін, облыстық және аудандық сайлау комиссиясында 26 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркеліп, оның ішінде 22 адам праймериз жеңімпазы, 4  адам партия филиалының квотасы бойынша екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар, аудандық сайлауалды Штаб құрылып, құрамына 39 адам енгендігін, Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кестені қабылдап және бекіткендігін, Партия аумақтық филиалдары басшылығының қатысуымен 22 іс-шара, 13 көшпелі іс-шара өткізуді, 20 000 адамды қамту жоспарланып, оның ішінде 83 тікелей және 26 онлайн форматтағы кездесулер ұйымдастырылатынын жеткізді. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатынын да айтты.

Сондай-ақ, штаб жанынан өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылып, оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ біздің жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кіргендігін де баяндай келе, штаб мүшелері жайлы слайд арқылы толық мәлімет берді.

Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, штаб мүшесі Ж.Жұмаділдаев өз пікірін білдіріп, саяси науқанды ұйымшылдықпен өткізуге шақырды.

Камели Сүлейменова

«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық сайлау қаражатынан төленді