Таңдаулы жаңалықтар:

САЯБАҚТАР ТУРИСТЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ БОЛАДЫ - Zau.kz

Шымкент саябақтарында қала тұрғындары мен туристер үшін санитарлық нормалары сақталған әжетханалар орналастыру бойынша нақты жоспар жасалды. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпаратына сәйкес, қала бюджетінен қаржы қарастыруды қамтамасыз ету бойынша 8 саябаққа зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде оның үшеуінде, яғни «Металлург», «Этнопарк» және «Нұрсат» саябағындағы әжетханалар санитарлық талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

 

Сондай-ақ, «Абай», «Тәуелсіздік», «Наурыз», «Жеңіс» және Орталық саябақтарға «Саябақтар мен гүлзарларға 2022-2026 жылдар аралығында даму концепциясы бойынша жол картасында» толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы жөндеу жұмыстары кезінде саябақтарға заманауи әжетханалар салу қамтылған.

Дендросаябақ аумағына ағымдағы жылдың тамыз айында «Шымкент қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қоры тарапынан 5 биотуалеттер орнатылды.