Сауд Арабиясында судан бензин арзан

Бұл таза ауыз судан бензин арзан əлемдегі жалғыз мемлекет. Мəселен: Арабияда бір литр судың бағасы 1 риал болса, бір литр бензин 0,6 риал тұрады.

1 Араб риалы қазір 87 теңгеге тең.

Бензин арзан болғандықтан ел азаматтары көп жағдайда американдық ауыр автокөліктер мінеді. Жалпы, 2000 жылға дейін Сауд Арабиясында халық АҚШ — тың «Шевролет» автокөлігін жиі мінетін. Қазір бұл елде біртіндеп жол талғамайтын жапон машиналары көбейе бастаған.

Сауд Арабиясы мемлекет аты бір əулеттің атымен аталатын əлемдегі үш елдің бірі. Мұнда 1930 жылдан бері Сауд əулеті билеп келеді. Сондықтан да елдің де аты Сауд Арабиясы. Бұл ел Араб түбегінің 80 пайызын алып жатыр. Бұрын осында болған шағын елдердің басын біріктіріп, қазіргі мемлекет 1932 жылы құрылды.

Сауд Арабиясында XX — ғасырда мұнайдың табылуы бұл елді шын мəнінде дамыған мемлекетке айналдырды. Қазіргі Сауд Арабиясында жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 55 000 доллар. Мұнда барланбаған əлемдік мұнай қорының 23 — пайызы шоғырланған. Оның сапасы да өзге елдерден жоғары болып есептеледі.

Сауд Арабиясы шын мəнісінде мұнайдың пайдасын биліктегі санаулы адамдар ғана емес, халық та көріп отырған мемлекет. Оған дəлел ретінде мұндағы жоғары айлық пен зейнетақыны айтса болады.

Мəселен: жаңадан отбасын құрғандарға мемлекет 64 000 доллар төлейді.

Жаңадан туылған сəбиге 70 000 доллар аударылады. Жеке бизнес ашамын деушілерге 50 000 доллар материалды көмек беріледі.

Білім мен медицина тегін. Мұнда пəтер жалдап тұру деген түсінік атымен жоқ. Мемлекеттен пəтер немесе автокөлік аламын десеңіз, ешқандай пайызсыз несие беріледі.

Дəрігерлер мен мұғалімдердің айлығы 10 000 — 15 000 доллардың арасы. Зейнетақы да сол шамада төленеді.

Əрине, егер оларда осы əлеуметтік жағдайдың барлығы орындалып жатса, біз үшін бұл ертегі немесе утопия болып көрінуі мүмкін.

Бір таңқаларлығы, олар да мұнай өндіреді. Біз де МҰНАЙ өндіреміз…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *